Мәселе

Тұрмыстық жағдайына наразы қызылордалық аналар Нұр-Сұлтандағы министрліктер үйінің алдына жиналды

  • Тұрмыстық жағдайына наразы қызылордалық аналар Нұр-Сұлтандағы министрліктер үйінің алдына жиналды

    Тұрмыстық жағдайына наразы қызылордалық аналар Нұр-Сұлтандағы министрліктер үйінің алдына жиналды

Қызылордадан Нұр-Сұлтанға келген бір топ көпбалалы ана "әкімдер шеше алмаған проблемамызды үкімет мүшелері шешіп берер" деп министрліктер үйінің алдына жиналды. Біреуі аспанасыз, енді бірі жұмыссыз жүрген аналардың айтуынша тұрмыстық жағдайлары өте нашар, жәрдемақы ала алмай отыр. Ал шенеуніктер халықты жұмыспен қамтуды тоқтатамайды, елдің әлеуметтік мәселесі басты назарда екенін мәлімдеді. Бұл туралы "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

Меруерт Мейрамбайқызының айтуынша Қызылорда әкімдігінен оған апатты деп танылған баспана берілген. 8 ай бұрын ол үй өртеніп кеткендіктен, қазір пәтер жалдап тұрады. Көпбалалы ретінде қайтадан баспана беруін талап етіп, облыстың да, қаланың да әкіміне шағымданыпты. Мәселесі шешілмеген.

"Материалдық шығынымды қанша талап еттім.Ол өндіріліп берілмейді, өйткені сіз бұл үйдің тұрақты тұрғыны емессіз деген жауап алдым. Сонда мен өз еркіммен барып тұрған жоқпын ғой ол үйге барып, әкімшілік кілтін беріп отыр ғой. Сол үшін тұрып отырмын!", - деді көп балалы, жалғызбасты анаМеруерт Мейрамбайқызы.

 
Аналардың көбі жәрдемақымен күнелтеді екен. Кейбірінің ұл-қыздары мүгедек, кейбірінің аяғы ауыр. Тұрақты жұмыстары да жоқ.

Алайда шенеуніктер деректерді ұсынды. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жыл соңына дейін 11904 адамға тұрақты жұмыс тауып беретінін, ал премьер-министр Асқар Мәмин жыл біткенше 1,2 миллион адамның жұмысқа тұруына көмектесетінін айтты.

"Бірінші тоқсан бойынша "Еңбек" бағдарламасымен 158 мың адам қамтылған. Жыл соңына дейін 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылады. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыз жүрген азаматтарға аспаз, шаштараз, тігінші, дәнекерлеуші секілді кәсіптік білімді қысқа мерзімде оқытып беруге көмектеседі. Кәсіп ашамын деген азаматтар 500 мың теңгеге дейін мемлекеттік грант, яғни қайтарымсыз қаражат ала алады", - деді премьер-министр.

Бірақ мәжіліс депутаттарының кейбірі Еңбек бағдарламасының мүлдем тиімсіз екенін, азаматтардың жұмысқа тұруына ешкім кепілдік бермейтінін мәлімдеген еді. Қазір "Дипломмен ауылға" деп баратын жастар да күрт азайған. Әр өңірде ел бюджетінен ашылған жастарды қолдау ресурстық орталықтарының да ешкімге қажеті жоқ деген депутаттар жұмыссыздықты парламентте көтереміз деп уәде берген.




Көрілген: 2768    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30