Мәселе

Үкімет ең алдымен жұмыссыздықты жоятын тетіктерді ойлап табу керек

  • Үкімет ең алдымен жұмыссыздықты жоятын тетіктерді ойлап табу керек

    Үкімет ең алдымен жұмыссыздықты жоятын тетіктерді ойлап табу керек

Пандемия кезіндегі және пандемиядан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайын талқылаған «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшелері ел экономикасына қатысты болжамдарын айтты.


Саясаттанушы Қазбек Майгелдиновтің пікірінше, бірреттік әлеуметтік көмек берумен проблеманы шеше алмаймыз. Үкімет ең алдымен жұмыссыздықты жоятын тетіктерді ойлап табу керек. Көктемде болған екі айлық карантин мен қазіргі шектеу шаралары шағын және орта бизнес өкілдеріне ауыр соққы болды деп есептейді сарапшы.
«Қанша айтқанмен, екі апталық карантин, оған дейінгі төтенше жағдай жеке кәсіпкелерді былай қойғанда, кейбір мемқызметшілерді, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды күнделікті табысынан айырыды. 42500 теңге әлеуметтік көмек берілгенімен, жұмыссыздықты жоятын нақты тетіктер айтылмай отыр. Бұл ретте бізге көршілес Өзбекстанның тәжірибесін алуға болады. Яғни, әрбір облыс, әрбір аудан, әрбір тұрғылықты жердің климаты мен мәдениетіне байланысты қолөнер мен ауыл шаруашылығын дамытуға болады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан. Яғни, кіші заттар экономикасын қалыптастыру керек. Осы аймақтардың өзіне тән шаруашылықтар бойынша кішігірім цехтар ашып, Қазақстанның жалпы ішкі өндірісін, өнімін дамыту керек», - дейді Қазбек Майгелдинов.
Айта кетейік, аталған zoom-конференцияға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30