Мәселе

Үндістан COVID-19 бойынша әлемде рекорд орнатуда: мәйіттерді көшенің ортасында өртеп жатыр

  • Үндістан COVID-19 бойынша әлемде рекорд орнатуда: мәйіттерді көшенің ортасында өртеп жатыр

    Үндістан COVID-19 бойынша әлемде рекорд орнатуда: мәйіттерді көшенің ортасында өртеп жатыр

Үндістандағы коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай күн санап өршіп барады. Мұнда күн сайын жүз мыңнан астам адам індетті жұқтыруда. Денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсіп, ауруханаларда орын мен оттегі, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осымен төртінші күн қатарынан мемлекетте науқастардың рекордтық саны тіркелуде: соңғы тәулікте елде коронавирус жұқтырған 349,6 мың адам анықталыпты. Бұл пандемия басталғалы бері елдегі ең үлкен көрсеткішке айналған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди аурудың таралуын алапат дауылға теңеді. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Нью-Делиде әрбір төрт минут сайын бір адам коронавирустан көз жұмады екен. Ал жалпы алғанда бір күнде екі мың адам індеттің құрбанына айналуда. 

Тіпті, кремацияға арналған пеш мәйіттердің көптігін көтермей бүлініп жатқан көрінеді. Мәселен, Гуджарат штатында газ және отын қолданылатын кремациялау пештері көз жұмғандардың мүрделерін тоқтаусыз отқа жаққандықтан тұтастай деформациялануда. Мәйіттерді көшенің ортасында өртеп жатыр.

 




Көрілген: 779    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 11:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30