Мәселе

Үй кезегінде 10 жылдан астам тұрған азаматтар өздерін республикалық базадан таба алмай жатыр

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі Уайс Ерсайынұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

 

Қазақстанда баспана алу кезегінде 500 мыңнан астам қазақстандық тұр. Бұрын үй кезегіне халық жергілікті әкімдіктер арқылы тұратын. 2019 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеле басталды. Енді үй кезегінде 10 жылдан астам тұрған азаматтар өздерін республикалық базадан таба алмай жатыр. Олардың ішінде қажеттілігі жоғары жандар да бар. Сол себепті биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана ала алмай қалды, - деді Уайс Ерсайынұлы.

 

Ол атағандай, азаматтардың қолында 10-15 жыл кезекте тұр деген құжаттары бар.

 

Алайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оларды кезекке енгізбей бағдарламаны ерте бастап жіберген. Үй кезегіне тұратын жалғызбасты аналардың да мәселесін қарау керек. Себебі үй кезегінде тұрған жалғызбасты ана тұрмысқа шықса, кезектен шығарып жібереді. Сол себепті жалған некелер көбейіп жатыр, - деді ол.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 19:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31