Мәселе

Үйі өртенген жалғызбасты ана 4 баласымен далада қалды

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматыда үйі өртеніп кеткен жалғызбасты ана 4 баласымен далада қалды. Зейнеткер әкесімен бірге қазір туыстарының үйін паналап жүр. Қызыл жалын жер үйді толығымен жалмап өткен, баспананың тек қаңқасы қалған. Зардап шеккендер тілсіз жау электр сымының тұйықталуынан шығуы мүмкін деп болжап отыр. Тақырыпты Almaty.tv тілшісі тарқатады.

 

Наурызбай ауданы Қанат бау-бақша серіктестігіндегі үйдің өртеніп жатқанын ең бірінші көршілері байқаған. Олар бірден үй қожайынына телефон арқылы хабарласып, 2-қабаттағы балконның жанып жатқанын айтқан. Жалғызбасты ананың өзі өрт сөндірушілер уақытылы келмегенде қызыл жалын осындағы барлық аумақты жалмап кетер еді деп қынжылып отыр.

 

 

«Үйдің арғы жағында жазғы алаң бар. Біз сол жақта едік. Бір уақытта жарық бір өшіп, бір жанды. Көршім телефон шалып, сендер жақта өрт шығып жатыр ғой деді. Бері жүгіріп келгенім сол еді, балкон түгел өртеніп кеткен екен. Жақын маңдағылырдың бәрі жүгіріп келіп, көмек шақыртты. Бала-шағам қатты қорқып қалды кешегіден», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Қаламқас Құлымжанова.

 

Қазір өрттен зардап шеккен отбасына қоғамдық қорлар тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Олар азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде. Ал, ақшалай көмек тек төтенше жағдай қызметі беретін шешімнен кейін төленетін болады дейді әкімдіктегілер. 

 

«Біздің тараптан қажетті көмек көрсетіледі. Шығын көлемі есептеліп жатыр әзірге. Өрттен зардап шеккендерге қандай да бір әлеуметтік көмек көрсету үшін біз төтенше жағдай қызметінің беретін нәтижесін күтеміз. Ол біраз уақытқа созылуы мүмкін. Қорытынды шыққан соң міндетті түрде қаржылай көмек көрсетеміз», – деді Наурызбай ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы  Әсел Жүнісова.

 

Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне хабарлама келіп түсе салысымен, өрт сөндіру қызметінің мамандары бірден сол жерге аттанып, отты ауыздықтауға кіріскен. Оқиға орнына бірден бірнеше бригада жұмылдырылып, қызыл жалынды тез арада сөндірген.

 

«Өрттің аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрайды. 21 сағат 28 минутта өрт толығымен оқшауланып, жойылды. Өрттен зардап шеккендер мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда», – деді Наурызбай аудандық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері  Абай Қашым.

 

Саяжай үйінің өртенуіне байланысты қазір өрт сөндіру қызметкерлері мұндағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті нұсқаулықтар таратып жүр. Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият ұстануға шақыруда.

 

 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 09:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31