Мәселе

«Вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар» - ІІМ

  • «Вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар» - ІІМ

    «Вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар» - ІІМ

Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың қатысу жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді.

Бүгін Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрліктің карантиндік және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатқаны туралы баяндады. 

Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы &ndash 9, Қостанай облысы &ndash 4 және Ақтөбе облысы &ndash 2) және 4 блок-бекет (Атырау облысы &ndash 4) қойылған. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған.

 290 карантиндік объекті бақылауға алынған. Сондай-ақ көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды фильтрациядан өткізуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта еліміздің халықаралық әуежайларында 18 бақылау-қадағалау пункті, теміржол вокзалдарында 16 бақылау-қадағалау пункті орнатылды.

 Бұл объектілердегі күн сайынғы жолаушылар ағыны тиісінше 31 мың және 17 мың адамды құрайды: Нұр-Сұлтан қаласында тәулік сайын 10 мыңға дейін жолаушы, Алматыда тәулік сайын 20,5 мыңға дейін адам тіркеледі. 

«Көлік объектілерінен 1 қаңтардан бері ПТР-анықтамасы жоқ 3200 азамат карантинге орналастырылды. Соңғы күндері тәулік сайын 150 адамға дейін карантинге орналастырылуда», &ndash деді ІІМ басшысы.

 Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың қатысу жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді.

Карантинді бұзудың 773 фактісі анықталды, оның 77%-ы елеусіз, яғни маска, санитайзерлердің болмауы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды бұзу. 175 өрескел бұзушылық анықталды, оның 152-сі түнгі клубтарда, сауда орталықтары мен мейрамханаларда, 23-і мерекелік іс-шаралара анықталды. Жыл басынан бері Түркістан облысында мобильді топтар бұзушылықтарды белсенді түрде анықтады, бұл ел бойынша анықталған бұзушылықтардың 458-ін  немесе  60%-ға жуығын құрайды. Сонымен қатар, министр Е. Тұрғымбаев қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа кірген облыстардағы топтардың жұмысының нашарлығын айтты. 

«Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты, азаматтар адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін жиі бұза бастады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында вирустың қауіпсіздігі және вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар», &ndash деді ішкі істер министрі. 

Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев өңірлердің әкімдіктерімен және  бас санитарлық дәрігерлерімен бірлескен жұмыс аясында мобильді топтардың сауда орталықтарында, мәдени мекемелерде алдын алу жұмыстарына баса назар аударуын, сондай-ақ осы мекемелердің иелерімен шектеу шараларын бұзуға жол бермеу туралы қатаң түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды. Жалпы, құқық қорғау ведомствосының басшысының айтуынша, ішкі істер органдары елімізде шектеу шараларын қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
 




Көрілген: 1804    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31