Мәселе

Зинақорлық кең таралған халықтар жер бетінен тез құрып кетеді

  • Зинақорлық кең таралған халықтар жер бетінен тез құрып кетеді

    Зинақорлық кең таралған халықтар жер бетінен тез құрып кетеді

Адамның санасы сау, психикасы сау болуы үшін ар-ұятынан аттау өте ауыр әрекет. Бұл адам психикасында «жыныстық инстинкттің доминант» болуына жол ашады. Адамның күш-қуатының бәрі соған тәуелді боп қалады. Бұл да ішкілікке салыну, есірткіге тәуелді болуы сияқты дерт.

Максим Обухов деген шіркеу қызметкері: «Зинақорлық кең таралған халықтар жер бетінен тез құрып кетіп отырған. Олар тәуелсіздігінен тез айырылып, басқа халықтарға орын беріп отырады. Халықтың зинақорлыққа бейімдігі түбі құрып бітуге апаратын жол. Бұл тарихтан белгілі. Ауру, күнәға батқан қоғамда халық батырлары тумайды. Тобырға айналады. Бірден емес. Күнәнің жиналуына қарай» деп айтқан екен.
Ырықсыз жыныстық қатынастардың салдары туралы айтқанда дінтанушы дәрігер, бакалавр К.В.Зорин өз тәжірибесінен көргенін хабарлайды: «Бейберекет жыныстық қарым-қатынасқа түсудің салдарынан тұлға, психика, мінез-құлық бүлінеді».
Жыныстық ырықсыздықтың салдары болып белгілі бір соматикалық аурулар да нақтыланған. Мамандарға жыныстық жолмен берілетін аурудың 30-дан аса түрі белгілі: соз аурулары, ВИЧ-инфекция, В және С гепатиті, ең соңында ЖИТС (спид). Кейбір онкологиялық аурулар. Ғылыми түрде зерттеліп, жыныстық бейберекетсіздік салдарынан туындайтын бірқатар гинекологиялық және урологиялық аурулар да белгілі. Егер әйел жеті ер адаммен жыныстық қатынасқа түссе, онда оған автоматты түрде аналық без қабынуы деген диагноз қойылады екен. Бейберекет жыныстық қатынастан түрлі ісіктер пайда болады. Зинақорлар обырдың инфекциялық түріне көп шалдығып, солардың 15% қайтыс боп отырады. Көбіне мұндай ауруларға жыныстық қарым-қатынасы тұрақсыз, гомосексуалистер шалдығады екен.
Моральды тұрғыда рұқсат етілген неке болады. Ал бейберекет қатынастар арасында келер ұрпаққа көп зиянын тигізетіні туыс адамдар арасындағы неке не жыныстық қатынас. Мұндай байланыстан туған баланың денсаулығы нашар, генетикалық құбыжықтық туа бітеді. Қан араластыру ұрпақтың жойылуына бастайды. Туыстық алыстаған сайын ұрпақ сау бола береді.
Түсіктер мен баланың өлі тууы көбінесе жақын туыстық салдарынан болып жатады. Қан араластыруды Көне Өсиет кітабы да қоштамайды: Ешкім қан туыстығы бар туысқанына жалаңаш көрінбеуі тиіс. (Лев, 18,5-6). Жаңа Өсиетте: «Кімде кім өз әйелінің орнына әкесінің әйелін иемденсе, мұндай зинақорлықты пайғамбар Павел тәнін өлім жазасына кесіп, ақыретте жанын сақтап қалу керек» деген екен. (1 Кор. 5, 1-5).
Қан араласудан бөлек генетикаға қатты із қалдыратын нәрсе некеден тыс қарым-қатынастар. Некедегі адамдардың бірі зинаға түссе, бұл татулыққа зиянын тигізеді. Салдары ауыр. Психикалық, рухани саулығына қатты соққы болады. Рухани сезімдерді жұтатады. Тек тән ләззатын алумен тыйылады. Ақырында организм жүдеп, жадап, потенция кемиді.
Әлеуметтік сауалдамаларға қарасақ, Ресейдегі мектеп оқушыларының 30% алғашқы жыныстық қатынасты 14-15 жаста бастан кешеді екен. Әр бесінші қыз алданып қалған, әрбір екінші бозбала алғашқы рет жыныстық қатынас кіммен болғанын білмейді.
Зинақорлықтың ең сорақы түрі гомосексуализм мен лесбийлік. Қазір оны сексуалды ориентацияны таңдаудың ең демократиялық түрі ретінде ұсына бастады. ХХІ ғасырдың сексуалды мәдениетінің қалыпты үрдісі ретінде орнықтырмақ.
«Жаратушының саналы түрде жаратқан болмысын бүлдіру &ndash бұл гомосексуализм; секулярлы мәдениетті қатты сіңіргендіктен де осындай бүлінуге жол ашылды. Себебі, оны қазір ең тиімді норма ретінде қарастырады. Егер қоғам біржынысты некені қалыпты дүние деп қабылдап жатса &ndash әсіресе әлеуметтік құбылыс деп қабылдаса &ndash бұл қоғамның Құдайға қарсы шығып жатқаны. Мұндай мәселеде плюрализмге сілтеме жасау тым артық».
Психологтар гомосексуалдылықты емдеуде көп көмектеседі. Кей адам гомосексуалды ориентацияны гетеросексуалдылыққа қайтып өзгертуге өзі біліп құлшынады.
Зинақорлықтың түрлерін зерттеуші Г.П.Климов көптеген психиатрлар мен әлеуметтанушылар еңбегін ақтарған. ХХ ғасырдың 40-жылдарында Америкада, Гарвард университетінде зинақорлықтың келер ұрпаққа тигізер зияны туралы дәлелденген зертетулер бар болып шықты.
Г.П.Климов көбіне «дегенерация» ұғымын қолданады. Бұл терминнің синонимі &ndash жойылушы.
Дегенерацияның үш кезеңі бар:
1. Жыныстық бұрмаланушылық.
2. Психикалық аурулар.
3. Туабітті дефектілер.
Климовтың констатациясы бойынша, бәрі де зинақорлықтан басталады. Екінші кезеңде дегенерация бұрыс жыныстық қатынасқа психикалық аурулар қосылуымен сипатталады.
«Егер адам (ру, әулет, отбасы) зинақорлыққа бейім болса, үшінші буында дегенерацияның соңғы сатысы орын алады, туабітті дефектілер көрініс бере бастайды. Мысалы, қолы қисық бітеді, тұяқты бала, қоянерін, қасқыр ауыз, қылилық және т.б. бола бастайды».
Қарапайым жағдайда мұндай ру (әулет, отбасы) 2-3 буын алмастырғанда тарихи сахнадан жойылады.
Көзі қыли, өзі садист, жауыздығы басым адаммен кім тағдырын қосуға ниетті болмақ? Келесі буында дегенеративті жұқпалылық артып, күшейе береді. Егер халық арасында жыныстық бейберекетсіздік мақұлдана берсе, мұндай халық жойылудың алдында тұрғаны.
Жыныстық тұрақсыздық қайталана берсе, адам болмысы бүлініп кетеді. Мұндай теріс дағды мен ұстаным генетикалық тұрғыда бекіп, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Әулетке тиген қарғыстан құтылу үшін оны білген адам өзімен доғаруы, тыйғаны дұрыс. Дінге қатты сенуі, өзін зинадан тыйып, ораза ұстап, шайтанның азғыруынан сақтануы тиіс. Ата-бабасының күнәсін жуып-шаю үшін кей адамдар монах болып кетеді. Өз өмірін тұтастай Құдайға арнайды. Қайырымдылыққа арнайды.
1934 жылы Ресейде гомосексуализмге заңды түрде тыйым салынды. 1936 жылы абортқа тыйым салынды. Жезөкшелікке тыйым салынды. Некрофилия мен зоофилияны жойды. Бүгінгі өскелең ұрпақ, оқушылар мен мұғалімдер осындай зерттеулер нәтижесімен таныс болғаны абзал. Бұл кез келген халықтың дамуына қажетті маңызды ақпараттар. Әр адам өзінің жан тазалығы мен рухани тазалығы хақында сауатты болғаны жөн. Келешекке кемел қадам жасауы үшін дәстүрлі отбасы құндылығын сақтауы тиіс. Сонда ұрпақ жалғастығы дұрыс бағытта дамиды.
Автор: Олег Матвейчев
Аударған Шынар Әбілда




Көрілген: 1062    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30