Спорт

UFC басшысы Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

  • Фото: Reuters

    Фото: Reuters

UFC президенті Дана Уайт ESPN-ге берген сұхбатында ұйымның алдағы жекпе-жектері жоспарланған уақытта өтетінін айтты. Оның ішінде 21 сәуірге жоспарланған Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жекпе-жегі де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

"Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі болады. Жанкүйерлер бұған алаңдаулы, бірақ менің оларға айтқым келеді: алаңдамаңыздар! Хабиб пен Тони жекпе-жегі өтеді. Ол Бруклинде де, Лас Вегаста да өтпейді. Біз осы жекпе-жек үшін бірнеше орынды қарастырдық, соның ішінде Невада да болды, бірақ қазір Неваданы таңдай алмаймыз. Қазір басқа аренаны іздеп жатырмыз", - деді Дана Уайт.

 

Ол UFC турнирлерінің бәрі жоспарланған уақытта өтетін айтты.

 

"Қазіргі уақытта 28 наурыз (UFC on ESPN 8) бен 11 сәуірге (UFC Fight Night 172) жоспарланған іс-шаралар Лас-Вегастағы APEX аренасында өтпейді. Біз жаңа орындар іздеп жатырмыз, бірақ жекпе-жектер уақытында өтеді, біз тоқтамаймыз. Мүмкіндіктер іздеуді жалғастыра береміз. Мен күрес бизнесінде 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін, мұндай мәселе әр демалыс сайын шығады. Мен бұған үйреніп кеттім. Қазір масштаб үлкенірек, бірақ біз солай жасаймыз. Турнирлерімізді қашан да өткізетін едік, солай жалғастыра береміз", - деді UFC басшысы.

 

kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31