Спорт

UFC спортшысы телесұхбат кезінде төбелес шығарды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Америкалық файтер Хорхе Масвидал 16 наурызда Лондонда өткен UFC Fight Night 147 турнирінің басты жекпе-жегінде Даррен Тиллді нокаутпен жеңгеннен кейін төбелес шығарды. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады.


Кездесуден кейін Масвидал журналистерге сұхбат беріп тұрған, сол сәтте сайыстың тағы бір қатысушысы англиялық Леон Эдвардсты көріп қалды, ол да өз жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.


Басылымның мәліметінше, спортшылар сөзге келіп қалған, артынша жанжал бірден төбелеске жалғасты. Спортшыларды ажыратып тастады, екеуі де сұхбат бермей, стадионнан кетіп қалған.


Эдвардстың сол төбелестен соң жарақат алғаны хабарланды.


Оқиға телетрансляция эфиріне түсіп қалды.


 


Эдвардс кейінірек бұл жағдай туралы Instagram желісінде жазды. "Хорхе, сенде таза ойын деген түсінік жоқ. Мен күтпей тұрған сәтте ұрып жібердің. Бірақ шаруаң бітті. Егер күзетшілер болмағанда, АҚШ-қа оралмас едің. Жақын арада көрісеміз", - деді спортшы.


 


tengrinews.kz




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31