Спорт

Данияр Елеуіновтың ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді

  • Данияр Елеуіновтың ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді

    Данияр Елеуіновтың ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов мексикалық Карлос Урреаны он секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін Мексиканың Тихуана қаласында өткізді. Ол Мексикада бірінші рет өнер көрсетті. Оған дейін Дәурен тек АҚШ-та жұдырықтасып келді. Жекпе-жек басталысымен бірнеше секундтан соң Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсірді, қарсыласы орнынан тұрды, алайда рефери оған жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Осылайша, қазақстандық боксшы спорттық мансабында сегіз кездесуде жеңіске жетті, оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, ол бір кездесуде тең түскен. 36 жастағы Урреа осымен 26-шы рет жеңілді, оның 24-інде ол мерзімінен бұрын жеңілген. Бұрындары ол тоғыз кездесуде жеңімпаз атанып, төрт қарсыласын нокаутқа түсірген. Елеусінов 2014 жылдың желтоқсанынан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. 2016 жылы маусым - 2018 жылы сәуірде қазақстандық үзіліс алды, ал былтыр мамырда шаршы алаңға оралып, қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Айта кетейік, Дәурен Елеусінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы.



 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.02.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31