Спорт

Допинг қолданған спортшыларды сыйақыдан, баспанадан айыратын заң жобасы әзірленуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астанада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің спорттағы допингпен күрес мәселесіне арналған кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Шара барысында антидопинг мәселелері талқыланды. Оның ішінде, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолдануға түбегейлі қарсылық таныту бағытына басымдық берілді. Атап өтілгендей, ҚР ҰОК таза күресте жеңіске жету қағидатын ұстануды жалғастырады. Жиналғандар сондай-ақ «таза» спортшыларды қорғау мәселесін көтерді. Бұл, Олимпиада қарсаңында әсіресе өзекті.


«Осыған орай, лауазымды тұлғалар мен спортшылар өз жұмыстарын атқару барысында негізгі қағидалардың барлығын ұстануы керек. Қазақстан спорты тек «таза» жеңістердің арқасында дамуды көздейді», - делінген Оlympic.kz сайтында жарияланған ақпаратта.


Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта допинг қолданған спортшыдан халықаралық деңгейдегі жеңістері үшін берілген сыйақыларды, баспананы және басқа да жүлделерді қайтарып алуды көздейтін заң жобасы әзірлену үстінде.


Жиынға ҚР ҰОК басшылығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, қазақстандық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева, ұлттық құрама команда басшылары, федерациялардың допинг бойынша жауапты тұлғалары және штаттағы дәрігерлер қатысты.


 




Көрілген: 630    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.02.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31