Головкин дайындық лагеріндегі суреттерімен бөлісті

19 қазан 2021, 11:23

Бокстан орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) дайындығы кезіндегі суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы Instagram парақшасында дайындық лагеріндегі фотосуретін жариялаған. Головкин жекпе-жекке дайындығын АҚШ-тың Калифорния штаты, Big Bear лагерінде жалғастырған.

Головкин 30 нокауты бар экс-чемпионмен жекпе-жек өткізуге арналған келісімшартқа қол қоюдан бас тартты 
"Қазір ол қайда? Жекпе-жектен кейін ол маған не істеді?": "Канело" үшінші кездесу туралы сұраққа жауап берді

Генадий Головкиннің келесі кездесуі Жапонияда WBA Super нұсқасы бойынша чемпион Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы желтоқсанда өтеді деп күтілуде. 

Айта кету керек, 35 жастағы Муратаның соңғы кездесуі 2019 жылы өткен. Бұл кезде ол Стивен Батлермен кездесіп, өз чемпиондық белбеуін қорғаған еді.