Спорт

Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

  • Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

    Головкин өз бапкерінің жалақысын екі есе азайтпақ болған

New York Post басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық бапкер Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуына қатысты қосымша ақпараттар жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


25 сәуірде Головкин 2010 жылдан бері бапкері болып келе жатқан Санчеспен еңбек келісімін тоқтатқанын хабарлаған еді. Мексикалық бапкердің айтуынша, Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отырғаннан кейін оның жалақысын азайтқысы келген. Маман боксшының ұсынысынан бас тартқан. "Головкин жаңа бапкерінің есімін әлі хабарлаған жоқ. Бірақ бірнеше кандидатты қарастырып жатыр деген қауесет бар. Дереккөзге сенсек, 37 жастағы Головкинге отбасы тарапынан қысым көрсетілген, олар алты жекпе-жекке жасалған келісімнен қаржылық табысты арттырғысы келген. Бұл жоспардың бір бөлігі - бапкердің қызметіне он пайыздық жалақы бермеу. Санчестің айтуынша, оған бес пайыз ғана ұсынылған", - деп жазды басылым. Абель Санчестің жаттықтыруымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20-ын (19-ы нокаутпен) жеңіспен аяқтаған. Бір рет тең түсіп, бір мәрте жеңіліп қалған болатын. Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.  




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 19:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31