Спорт

Хабиб пен Конор екінші рет кездеседі. Егер ...

  • Сурет: Чемпионат.com

    Сурет: Чемпионат.com

UFC басшысы Дана Уайт The Schmo басылымына сұқбат беріп, биыл болатын ең басты кездесулер туралы айтты. Өз сұқбатында ол көпшілік асыға күтіп жүрген Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті.

 

"Порье &ndash Макгрегор арасындағы кездесудің жеңімпазы жеңіл салмақта чемпиондық белбеудің басты үміткері болады. Мен осы аптада Хабибпен Абу-Даби қаоасында кездесемін. Конор Порьені жеңеді деп үміттенемін. Содан соң мен Конор мен Хабиб арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыруға тырысамын. Хабиб пен Конор арасындағы айқас көпшілік күтіп жүрген кездесу екені анық. Бұл кездесуді міндетті түрде ұйымдастыру керек. Бірақ бұл жерде "егер" деген сөз көп болады. Егер Хабиб әлі жекпе-жек өткізгісі келетін болатын. Егер Конор Порьені жеңетін болса деген секілді. Сондықтан да шамалы сабыр сақтайық. Мен әлі келіссөздер жүргіземін.

Биыл одан да басқа мықты жекпе-жектер болады. Мысалы, біз Ян Блахович пен Исраэль Адесанья арасындағы кездесуді ұйымастырып жатырмыз. Одан бөлек, Фрэнсис Энганну мен Стипе Миочич арасындағы айқас бар. Жалпы биыл жанкүйерлерге сыйлығымыз көп", - деді Уайт.

 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 2019 жылы Лас-Вегаста кездесіп, ресейлік спортшының пайдасына аяқталған болатын.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28