Спорт

Илья Ильин тағы бір қызметтің тізгінін ұстады

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Белгілі зілтемірші Илья Ильин тағы бір қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы Илья Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болды. Бұл жаңалықпен спортшының өзі желі парақшасында бөліскен.

 

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін алдағы үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!", - деп жазған спортшы Instagram парақшасында.

 

Айта кетейік, Илья 17 жасында ең жас әлем чемпионы болып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылған. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

 

Еске салсақ, бұған дейін Илья Ильиннің Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшсының бұйрығымен "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалғанын жазған едік.

 

Сонымен қатар ауыр атлеттің Қызылордада өзі оқыған университетте сабақ беретінін хабарлаған болатынбыз.


 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31