"Қайрат" футзалдан Қазақстан кубогын жеңді

18 қазан 2021, 15:17

17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында футзалдан Қазақстан кубогының финалдық ойыны өтті. Финалда "Қайрат" пен "Атырау" командалары кездесті, деп хабарлайды prosport.kz сайты.

Ойын тартысты өтті. Дегенмен, "Қайрат" командасы басым түсіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. 


Айта кетейік, "Қайрат" пен "Атырау" бұған дейін де кездескен. 7 қазанда өткен мачтада да "Қайрат" 5:2 есебімен жеңген болатын. Бұл кезде алматылықтар Қазақстан суперкубогын жеңген еді.