Спорт

Қазақстанда спортшыларды бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Біз заңды түрде әкімдерге кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек деп санаймыз. Жетер енді. Өңірлердегі қаражаттың 80 пайызы футболшыларға жұмсалып жатыр. Қашанға дейін осылай болады? Мен бір мысал келтірейін, таяуда бір спортшының клубы 5 миллион еуроға келісімшартқа отырды. Біз Қазақстанда спортты тамытуға 229 миллион теңге жұмсасақ, мұнда бір футболшының өзіне 2 миллиард теңгедей жұмсалып отыр", - деді депутат.

 

"Балалар-жасөспірім футболын қаржыландырайық. Стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық, бірақ тек мына футболшыларды емес - 5 миллион еуроға", - дейді ол.

 

Депутаттың айтуынша, кәсіпқой спортты бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар мен демеушілер қаржыландыруы қажет.

 




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31