Спорт

Қазақстандық балуан Гиннес кітабындағы әлем рекордын жаңартты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандық балуан Сергей Цырульников таға июден Гиннес кітабындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан спортшылар одағының» мәліметінше, жаңа рекорд Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған шара кезінде тіркелген.

 

Шараның салтанатты бөлімінен кейін әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульников Гиннестің жаңа әлемдік рекордын орнатқан.

 

Калибрленген металдан таға ию бойынша әлемдік рекорд бұған дейін Литва азаматының еншісінде еді. Ол бір минутта 2 таға исе, Сергей Цырульников 37 секундта 4 таға иіп үлгерді.

 

Спортшының рекордын Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабының тіркеу офицері жазып, ресми түрде бекітті.

 

 «Бұл тағалар шыңдалған металдан жасалған. Шамамен 940 килограмм салмаққа төтеп бере алатынын арнайы тексердік. Нидерландыда жасалған, әлемдегі ең берік таға болып саналады» - дейді рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов.

 

Сергей Цырульниковтің өзі бұл рекордын Қажымұқан мен Балуан Шолақтардың ізін жалғау жолындағы талпысынтарының бір деп атады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 17:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30