Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралды

02 қараша 2020, 14:11

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететін хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.

 

Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тексттен өтіпті.

 

"McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексеріп, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ - күт мені", - деп жазды Конор твиттер парақшасында.

 

 

Еске салайық, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын айтып еді. Кейін қыркүйек айында бокс ережесі бойынша Мэнни Пакьяомен, содан соң UFC өкілі Дастин Порьемен екінші рет кездесетінін мәлімдеді.