Спорт

Қуат Хамитов: Қазақстанда гейлер көп деп ойламаппын (видео)

  • Куат Хамитов.  ©

    Куат Хамитов. © "ВКонтакте"

Отандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов ЛГБТ қауымдастығының өкілдері туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Өткен айдың орта белінде спортшы әлеуметтік желіде дәстүрлі емес жыныстық азшылыққа жататын адамдар туралы өте қатты сөйлеген болатын.

 

Оның сөздері тек қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар ресейлік қолданушылардың арасында да кең тарап, пікірталас туғызды.

 

YouTube-тағы FIGHT NIGHTS GLOBAL TV арнасына берген сұхбатында спортшы өз сөзіне қатысты түсініктеме берді. Ол өзін Қазақстанның патриоты санайтынын, ал дәстүрлі емес азшылықтардың өкілдері, оның пікірінше, отандық жастарды бұзатынын мәлімдеді.

 

Спортшының айтуынша, адамдар салт-дәстүрді берік ұстануы керек. "Мен Қазақстанда гейлер көп деп ойламадым", – деді Хамитов.

 

Сондай-ақ, ол кейбір ғалымдардың пікірінше ЛГБТ жетіспеушілік немесе ауру деген болжам ға сүйенді. Қуат Хамитов елде ЛГБТ идеясының насихатталуына қарсы шықты.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйгілі ММА спортшысы Қуат Хамитов өткен айда "Гарант 24 Ломбард" атты ұйымның жарнамасында пайда болды деп хабарланған болатын.

 

Содан кейін қолданушылардың көпшілігі Хамитовтан осы ұйымды жарнамалау арқылы адамдарды адастырғаны үшін кешірім сұрауын талап етті.

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31