Спорт

Күрестен әлем чемпионы тойдан қуып жіберген қалыңдығын құрбылары ақтап алды

  • Күрестен әлем чемпионы тойдан қуып жіберген қалыңдығын құрбылары ақтап алды

    Күрестен әлем чемпионы тойдан қуып жіберген қалыңдығын құрбылары ақтап алды

Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковтың той үстінде қуып жіберген қалыңдығының құрбылары эскортта жұмыс істегенін толығымен жоққа шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Московский комсомолец" басылымына сілтеп хабарлайды. 

Олардың айтуынша, Мадина өте ауқатты отбасынан шыққан, ақшаға мұқтаж емес, "тек жан мен денеге арналған" фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

 

25 жастағы Мадинаның таныстары оған жала жабылды деп есептейді. Олар қыздың бұрынғы қатынасы үш жыл бұрын  болғанын және желіде таралған видеоларда сол уақытта болғанын айтты. 

Кейбір құрбылары Мадинаның өзінен үлкен еркекке ғашық болғанын мойындады. Бірақ ол үйленген адам болған соң, қарым қатынасты тоқтатқан. "Бірақ содан бері бірнеше жыл өтті, ал Мадина Заурбекті шын жүректен жақсы көрді!"- деп сендірді олардың бірі.

Таныс қыздары үйлену тойын Мадинаның бұрынғы сүйіктісінің әйелі бұзды деп санайды. Ол әйел күйеуінің телефонынан анай видеоларды алып, кек алу үшін ыңғайлы сәтті күткен деген сенімде. 

Сонымен қатар, спортшының достары Заур Мадинаны жақсы танымай, тек сырт келбетінің сұлу болғаны үшін алданып қалды деп есептейді. Чемпион жігіт қызбен үйлену тойынан бірнеше ай бұрын көшеде танысқан. Қыз итпен серуендеп жүргенде жігіт қасынан өтіп бара жатып көріп қалған екен. Күйеу жігіттің туыстары "жақсы" қызбен таныстыра алмағанына өкінетіндерін жеткізді. 

Еске салайық, оқиға тамыз айының ортасында Солтүстік Осетиядағы Заурбек Сидаковтың үйлену тойында болған. 

Заңгерлердің айтуынша, қалыңдыққа наразылық білдірген адам төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 
 

 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.08.2020, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31