Спорт

Марадона өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін

  • https://www.spletnik.ru/

    https://www.spletnik.ru/

Аргентинада жақында көз жұмған футбол аңызы Диего Марадонаның өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telam агенттігіне сілтеме жасап.

 

Аргентиналық агенттіктің мәліметіне сәйкес, қайтыс болған футболшы, Аргентина құрамасының жаттықтырушысына қатысты тергеу бойынша оның жағдайын бақылау үшін арнайы жалданған медициналық қызметкерлер немқұрайлылыққа жол берген деп күдікке ілініп отыр.

 

 

Медбикенің бірі Марадонаға жүрегі тоқтаған күні таңертең қажетті дәрісін бермеген.

 

Сонымен қатар, Telam агенттігі алған қолжазба медициналық есебіне сәйкес, медбике бұрынғы футболшыны тіпті оятпаған.

 

Ол үйге психолог пен психиатр келген сәтті күткен (олар есепте айтылғандай, таңертеңгі сағат 11-де келген), содан кейін ғана науқастың жанына барған. Дәл сол кезде науқастың импульсі жоқ екендігі анықталған.

 

 

Сонымен қатар, Марадонаның адвокаты Матиас Морла дәрігерлер бұрынғы футболшыға 30 минуттан астам уақытта жетті деп мәлімдейді.

 

Алынған тергеу жазбаларына сәйкес, Марадонаға жедел жәрдемнің келу уақыты 11 минутты құраған.

 

Twitter-дегі ресми аккаунтында Морла жедел жәрдемнің кешігуін «қылмыстық ақымақтық» деп атады.

 

Еске сала кетейік, 25 қарашада Диего Марадона 60 жасында дүниеден өтті. Ол Буэнос-Айрес маңында жерленді.

 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 20:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28