Спорт

"Өзбек, тәжік деп ойлайды. Мен қазақпын". M-1 чемпионы ұлтына қатысты сұраққа нүкте қойды

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Жартылай орта салмақта ресейлік M-1 Challenge промоушенінің чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмонов KAZMMA Live Channel YouTube-арнасына берген сұхбатында өз өмірі туралы баяндап берді.


"Менің әкем - қазақ. Ұлтым қазақ. Өзбекстанда туғам. Атамның аты Рахман болған. Сондықтан Өзбекстанда тегімді Рахмонов деп жазған. Шавкат арабша есім, Қазақстанда көп танымал емес. Сондықтан үнемі сұрақ қояды, "ұлтың кім?" деген сияқты. Өзбек, не тәжік деп ойлайды. Өзбекстанда туып, өскем. Онда туыстарым да қалды.


Бала кезден ММА-мен шұғылдандым. 2006 жыл болатын. Мектепте оқып жүріп, DVD-дисктерден тамашалайтынмын. Сол кезде чемпион болғым келген. Самбомен айналыстым. Қолым талып қалғанға дейін жаттығатынмын. Кейін самбодан жарыстарға шыға бастадым.


Барлық жекпе-жегімді мерзімінен бұрын аяқтағам. Рингке шығып, өз жұмысымды істеймін. Бірақ толық жекпе-жекке де дайынмын. Айналысатындар біледі. Диванға жабысып алған сарапшылар оны ұқпайды. Бұл қандай еңбек екенін білмейді.


Маңдайың құрғамай еңбектенесің. Ал жалтара бастасаң, көпке бармайсың", - деп атап өтті Рахмонов.


 


vesti.kz




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.04.2019, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31