Спорт

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

  • Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

    Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

Бокстан Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградтағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

 
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасты. Сәкен үш раунд бойы сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Бибосынов карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. 

Сәкен жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген еді. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен.

Ал 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Серік Теміржанов финалда америкалық 18 жастағы Джамал Харвиден төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, Теміржанов Белградтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еске салайық, қазақстандық Теміртас Жүсіпов те әлем чемпионатының алтын медалін иеленген. Құрама қоржынында екі алтын медальдан бөлек, бір күміс, бір қола жүлде бар.  




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.11.2021, 11:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31