Спорт

Спорттық гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияда өтеді

  • © Sport.SU

    © Sport.SU

Спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Китакюсю қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

 

Алғашында әлемдік доданы Дания астанасы Копенгаген қаласы қабылдайтын болған. Алайда ғаламдық коронавирус індетіне байланысты даниялықтар жарысты өткізуден бас тартты.

 

Осылайша 2021 жылғы әлемдік дода қазан айында Жапонияда өтетін болып шешілді.

 

Китакюсю қаласында алдымен спорттық гимнастикадан, кейін көркем гимнастикадан әлем біріншілігі өтпекші. Спорттық және көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Олимпиада өтпейтін жылдары ұйымдастырылады.

 

Алайда 2020 жылғы Олимпиада ойындарына кейінге шегерілгендіктен 2021 жылғы әлем біріншілігін өткізу туралы шешім қабылданды.

 

 

24.kz




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 03:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31