Спорт

Танымал спортшы бірнеше жыл қатарынан сүйіктісін зорлап келген

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Аралас жекпе-жек шебері Би Джей Пеннге балаларының анасына жақындауға тыйым салынды, деп хабарлайды MMA Junkie.


Шилен Уайве өзін танымал спортшы бірнеше жыл қатарынан зорлағанын жайып салды. Уайве 2018 жылдың қазан айында сүйіктісінің қасына жақындамайтыны туралы соттың уақытша шешімін алған. Ақпанда сот бұл шешімді 2021 жылға дейін ұзартты.


Оның айтуынша, Пенн он жыл бойы жәбір көрсеткен. Соңғы үш жылда спортшы балаларының көзінше қорқытып, зорлаған.


"Оның танымал спортшы екенін бәрі біледі. Одан өте қатты қорықтым. Сол үшін бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармадым. Мен өзімнің және балаларымның өмірі үшін алаңдап отырмын"- деді Шилен Уайве.


40 жастағы Пенн 12 мамырда өтетін Абсолютті жекпе-жек чемпионатына(UFC) дайындалып жатыр. Оның қарсыласы - америкалық Клей Гвида.


Пенн - жеңіл және жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның есімі 2015 жылы UFC-дің даңқ залына енгізілді.


Sputnik 




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 09:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31