Спорт

Токио Олимпиадасы екі жылға шегерілуі мүмкін

  • © rbk.ru

    © rbk.ru

Биыл жазда өтуі тиіс Токио Олимпиадасы 1-2 жылға кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды kaz.zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Жапонияның Ұйымдастыру комитеті мүшесі Харуюки Такахашидің айтуынша, сондай шешім қабылданса, "амал нешік" болады.

 

- Ойындардан мүлдем бас тартылмас, тек өтетін уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Олимпиада өтпей қалса, ХОК-қа қиын болады, - деді ол.

 

Такахашидің сөзінше, Олимпиаданы кейінге шегерудің өзі де оңай тірлік емес, өйткені ол басқа да маңызды спорттық шаралармен бір уақытқа қатар түсіп қалады.

 

- Ең дұрысы - Олимпиаданы екі жылға кейінге шегеру, өйткені келесі жылға жоспарланған спорттық шаралар кестесі толығымен келісілген, - деп түйіндеді ол.

 

Коронавирустың таралуына байланысты бірқатар елдер күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізуде. Атап айтқанда, бірнеше олимпиадалық іріктеу турнирлері кейінге шегерілді. Сонымен қатар, Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті елде дәстүрлі түрде өткізілетін Олимпиада алауын жағу рәсімі биыл көрермендерсіз өтеді деп мәлімдеді.

 

Бұған дейін ХОК 24 шілде мен 9 тамыз аралығына жоспарланған Токио Олимпиадасын сәтті өткізуді мақсат тұтатынын мәлімдеген болатын.

 

Ақпан айында Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті жағдайға мониторинг жүргізетін арнайы жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.

 

Жаңа коронавирусты қазірдің өзінде әлем бойынша 100 мыңнан астам адам жұқтырды, олардың көпшілігі сауығып, төрт мыңға жуығы қайтыс болды.

 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 14:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31