Спорт

Түйе арқалап, үш көлік сүйреген қазақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

  • Түйе арқалап, үш көлік сүйреген қазақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

    Түйе арқалап, үш көлік сүйреген қазақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

Қазақстандық стронгмен Алмат Жұманов кезекті рекорд орнатып, Гиннесс кітабына атын тағы бір мәрте жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Титан» лақап атынан бөлек Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов бұл жолы арқасына 280 келі түйені көтерген алып, 4 тонна 68 келі болатын үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреді.


Мұндай сынақты Алматтың өзі ойлап тапқан екен. Ал оған бір айдай уақыт дайындалыпты. Түйе көтеру қалыпты болғаннан кейін, осындай жаңа әрекетке бардым деп отыр.
 

Айта кетейік, Алмат бұған дейін 108 тонналық пойыз вагондарын тартып рекорд орнатқан еді.

Сонымен қатар Айдын Нұржұмаұлы да елді елең еткізер әдіспен көлік тартып өз атын рекордтар кітабына қалдырды. Төс сүйегіне ілгіш іліп неміс автомобилін 63 метр жерге сүйреген азамат бұл әдіс үшін талай еңбек еткенін де атап өтті. Өйткені, төс сүйегімен небәрі 10-15 келі салмақты ғана тартуға болады екен.

Осылайша, қазақтың қос алыбы өз есімдерін Гиннесс кітабына жазып, енді жаңа белестерді бағындыру үшін ары қарай да шыныға береміз деп отыр.




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 08:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31