Универсиада: Ел қоржынына алтыншы медаль түсті

21 қаңтар 2023, 11:00

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс меделін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.

Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Sports.kz.