Тәуелсіздік айнасы

«Астананы көркейте түсуге үлес қосамын!»


Самат 1991 жылдың 16 желтоқсанында бұрынғы Целиноград, қазіргі Астана қаласында дүниеге келген. Ол өзін өмірге келтірген перзентхананы жақсы біледі. Тәуелсіздіктің құрдасына туған қаласының әр бұрышы ыстық. Келешекте елорданың құрылысын одан әрі дамытуға өз үлесін қоспақшы.

Самат Тәуекел – астаналық ерлі-зайыпты Сағат пен Гүлсімнің тұла бойы тұңғышы, төрт баланың үлкені. Қазір ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатыр. Әке ізімен жүріп, келешекте құрылыс пен сәулет саласының маманы болғысы келеді. Самат Астана қаласындағы №8 орта мектепте оқыды. Оқушы кезінде математика мен география пәндеріне қызығушылығы жоғары болды. Ал спорттан дзюдоны таңдады. Ол өзінің Тәуелсіздік ұғымымен түйдей құрдас екенін мақтан етеді.

Самат Тәуекел, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 1-курс студенті:

– Мені дәл осы күні дүниеге әкелген анама алғысым шексіз. Ата-анамның маған артқан үміті зор. Мен келешекте Астана құрылысының одан сайын әдемі бола түсуіне үлесімді қоспақпын. Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдің ортасынан ойып тұрып орын алатынына, тіпті олардың алғашқы ондығынан табыларына сенімдімін. Ол үшін біз, жастар, экономиканы өркендетуге атсалысуымыз керек деп есептеймін.




Көрілген: 2747    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.11.2011, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30