Тәуелсіздік айнасы

Дендердің тұзы химиялық өнімге айналды

Мемлекеттік үдемелі ин­дустриалдық-инно­в­а­циялық даму бағдар­ла­ма­сының ая­сын­да Атырау облысында атқарылып жат­қан жұмыстар аз емес. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында об­лыс­та 5,4 млрд теңгенің төрт ин­вестициялық жобасы жү­зеге асырылып, соның нәтижесінде 233 жаңа жұмыс орындары ашылды. Енді жыл соңына дейін жал­пы құны 6,1 млрд теңгені құ­рай­тын сегіз жоба жұмысын бас­тай­тын болады.

Соның бірі – «Тұз» ЖШС-нің натрий ги­по­хлоридін өндіру жобасы. Шыны керек, бүгінде ел нарығына аталған өнімді жет­кі­зу­шілердің көшін ресейлік компаниялар бас­тап тұр. Ал Атыраудағы «Тұз» ЖШС қол­ға алған натрий гипохлоридін өндіру зауытының жобасы лайықты жүзеге асар болса, ел нарығын өз өнімімізбен қам­та­ма­сыз етуге мол мүмкіндік ашылмақ. Жо­баны жүзеге асыру тек Атырау облысы үшін ғана емес, республика үшін де ма­ңыз­ды. Натрий гипохлориді еліміздегі таза су дайындайтын мекемелермен бірге ме­ди­цина мекемелері, азық-түлік және хи­мия өнеркәсібі, әскери және тәртіптік ве­домстволар, ауыл шаруашылығы үшін де қажетті.



«Тұздың» ұсынған бұл жобасы «Да­му» қорының тарапынан қолдауға ие бол­ды. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын натрий гипохлоридін өн­ді­ретін зауытқа арнайы құрылғылар сатып алу жөніндегі жоба бойынша субсидия бө­лу келісімшартына қол қойылды. Өткен жылы «Алтын сапа» байқауында алғысхат­қа ие болған ұжымның алға қойған мақ­­саты зор.

Әбдірбек Тоқтыбаев, «Тұз» ЖШС директоры:

– Индер ауданының орталығында ор­наласқан зауыт бүгінде 36 жергілікті тұр­ғынды тұрақты жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп отыр. Олардың орташа жала­қы­сы 35 мың теңгені құрайды. Жыл ба­сынан бері 15 мың тонна өнім өнді­ріл­ді, олар 10-30 келілік қапшықтарға және бір келілік арнайы қораптарға са­лы­нып, сатылымға шығарылады. Бү­гін­де біздің өніміміз Қазақстанның барлық аймағына таралып отыр, бұл ас тұзына деген сұраныстың жоғарылығын көр­се­теді.


Ендігі кезекте құны 290 млн теңгеге бағаланған гипохлорид өндіру зауытын салуды көздеп отырмыз. Осы мақсатта «АзияКредитБанк» АҚ-нан несие алып, алғашқы жұмыстарды бастап кеттік. Зауыт құрылысына қажетті құрал-жаб­дық­тарды алу үшін Санкт-Петербург қа­ласындағы «Авангард» ААҚ-мен ке­лі­сімшартқа қол қойылды. Зауыт то­лы­ғы­мен іске қосылғанда мұнда 70 адам жұ­мысқа тартылып, жылына 50 мың тонна тұз бен 30 мың тонна гипохлорид сұйығын өндіретін боламыз. Бір айта ке­терлігі, бұл бастама Елбасының ар­найы тапсырмасымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Бұл мекеме сонымен қатар тех­ни­ка­лық тұзды да шығарады. Арнайы ста­нок­тың көлемімен кірпіш тастың көле­мін­дей боп жасалып, кептірілетін тұз ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал­ға арнайы дайындалады, сондай-ақ аст­ма ауруына қарсы ем ретінде де пай­даланылады.

Дендер тұзды көлін кешенді игеріп, ашық әдіспен техникалық және ас тұзын өн­дірумен айналысатын бұл мекеме 2003 жылы құрылған. Бүгінде ол елдегі ас тұзы мен техникалық тұзды жеткізушілер шо­ғы­ры­ның алдыңғы легінен көрініп жүр. «Тұз­дың» өнімін тек қазақстандықтар ғана емес, «Бейкер Хьюз Сервис Интернэшнл», «Хал­либуртон Интернэшнл», «Теңіз­шев­ройл», «Интергазсервис», «ЭраОйл» се­кіл­ді шетелдік ірі мұнай компаниялары да пай­даланады. Өнімінің жоғары сапа­лы­лы­ғы мен әлеуметтік жауапкершілігі үшін ЖШС бірнеше мәрте мақтау қағаздарымен, дип­ломдармен марапатталған.




Көрілген: 1801    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.11.2011, 11:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30