Қарашығанақтағы үлес бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр
Осы аптаның соңында ел Үкіметі Қарашығанақ мұнай-газ жобасы операторымен аталған жоба үлесінің 10 пайызын өткізіп алу туралы келісімге қол қоюы ықтимал. Бұл туралы өткен апта соңында мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Егер келіссөз нәтижелі болмай жатқан жағдайда қазақстандық тарап жобаның 5 пайыз үлесін нарық құнымен сатып алады, ал қалған 5 пайызын тегін алады. Келісімшарт сомасы 700 миллионнан 1 млрд доллар аралығын қамтуы мүмкін. Бүгінгі таңда Қарашығанақ кен орнының операторы BG және Eni (жобада әрқайсысының 32,5 пайыздан үлесі бар), америкалық Chevron (20%) және ресейлік «Лукойл» (15%) компаниялары болып табылады. Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциум мүшелері жобаға Қазақстанның енуі үшін өз үлестерін теңдей жағдайда сатады.
Жоба акционерлері құрамына «ҚазМұнайГаз» компаниясы енгеннен кейінгі жаңа кен орнын игеруден түсетін табыс қомақты түрде артады. Алайда бұл ретте сарапшылар нақты бір цифрды атай алмай отыр.