Тәуелсіздік айнасы

Павлодардың бұрынғы өндірістік аймақ ретіндегі мәртебесінің жандануын көру – мен үшін бақыт

Мен өзім Алматыда тұрсам-дағы, көп уақытымды Павлодар өңірінде өткіземін. Өйткені онда – қызым, немерелерім тұрады. Табиғаты көркем, жерінің беті мен асты да байлыққа толы бұл өңірде Кеңес дәуірінде өндірістің түр-түрі қыз-қыз қайнап жатты. Тәуелсіздік алып, қуанышты сәтті бастан өткергенімізбен, біз өте ауыр кезеңге тап келдік. Өйткені бүтін мемлекеттік басқарудың бірінен екінші формациясына көшуі – тарихта ең қиын кезеңдердің бірі болатындығы белгілі. Сол 90-жылдары еліміздегі бүкіл өндіріс жұмысын тоқтатты, ақша болмады, ал жекешелендіру процесінен кейін олардың көбісі құрып кетті.




Кеңес кезінде сұлулығымен талай ту­рис­ті тартқан мұндағы Сабынды көлдің жа­ғалауын қоқыс басып кеткенін көргенде, жүрек шымырламай қоймайды екен. Ал көшенің арғы бетінен бері қарай өту мүмкін емес еді. Бұл жағдайлардың бәрі бертінде ретке келе бастады. Қазір Павлодар қаласы бұрынғы көркіне қайта еніп, кемелденіп, дамып келеді. Көлдің жағасы тап-таза, қа­ла көшелеріне бағдаршам, бей­не­ка­ме­ра­лар орнатылып, автоинспекторлар жол тәр­тібін қатаң бақылауға алған. Мұнда бая­ғыдай дамылсыз өмір қайтадан жан­да­на түскен. Екі дәуірдің адамы ретінде Пав­ло­дар өңірінің бұрынғы өндірістік аймақ ретінде мәртебесінің жандануын көру – мен үшін бақыт. Диірмен, сүт өнімдерін шығаратын цехтар секілді шағын кәсіп­кер­лік­ті ауызға алмағанда, мұнда ірі ин­дус­триал­дық кешендер іске қосылуда. Кезін­дегі әскери зауыт бүгіндері бейбіт мақсатта хлор, каустикалық сода, тұз қышқылын шы­ғарады екен. Алюминийімен танымал Павлодар облысынан енді сол шикізаттан электролиз өндіретін зауыт ашылған. Стратегиялық маңызды электр нысандары – Екібастұз ГРЭС- 1, ГРЭС-2 стансылары жа­ңартудан өткізіліп, мұнда қосымша блок­тар ашылуда. Ақсу жылу электр стан­сы­сы да модернизациялаудан өткізілді. Павлодар мұнайхимия зауытын жаңалау жұмыстары да қолға алынғалы жатыр. Жүк та­сымалына қажетті вагондар да жасалып шығуда.

Қызым Павлодар қаласының №1 ем­ха­насында балалар дәрігері болып жұмыс істейді. Бірде сол қызым: «Мама, біздің өңірден енді сандық рентгендік аппараттар шығарылатын болады» деп айтты. Жалпы, ақпараттармен таныса келе, Павлодар об­лы­сында индустриаландыру картасы бойын­ша, қызым айтқандай, озық 144 ин­вес­тициялық жоба жүзеге асырылып жат­қа­нынан хабардар болдым. Әрине, бұдан кейін менде мақтаныш сезімі оянды. Бұ­рын­ғыдай Павлодармен мақтана ала­тын­дығыма шексіз қуандым. Әрине, бұл – ең алдымен, Елбасымыздың арқасы. Ал сон­дай тапсырмаларды орындауда жігерлілік танытып отырған Павлодар облысы әкімі Бақытжан Сағынтаев та өзінің іске берік адам екенін дәлелдеуде. Жас әкімнің осы өңірдің жоғары оқу орындарын тамамдаған жастарды жұмыспен қамтуға барынша кө­ңіл бөлетіндігін де естідік. Әрине, ауқымды жобалар бойынша бой көтерген ны­сан­дар­да жаңа жұмыс орындары көптеп бола­тын­дығы анық.

«Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «Қырықтың бірі – Қыдыр, жүз­дің аузы – уәлі» деп жатады қазақ халқы. Сондықтан өзімнің Елбасымызға, облыс әкіміне деген шексіз ризашылығымды осы газет арқылы білдірсем деймін. Діттеген мақсаттарыңыз орындалып, еліміз көркейе берсін деп тілеймін!




Көрілген: 1904    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.11.2011, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30