Тәуелсіздік айнасы

Проблемалық несиелер қоры 2012 жылдан бастап жұмыс істейді

  • Проблемалық несиелер қоры 2012 жылдан бастап жұмыс істейді

    Проблемалық несиелер қоры 2012 жылдан бастап жұмыс істейді

«Еліміздің банк секторында үлкен өзгеріс 2020 жылы орын алуы мүмкін, өйткені осы уақытта бірыңғай экономикалық кеңістікте біздің бірыңғай қаржы нарығымыз жұмыс істей бастайды». Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко өткен апта соңында Алматыдағы Банктік реттеу реформасы жөніндегі экономикалық форум аясындағы журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, елі­міздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі алғашқы жылдары банк секторына қатты әсер етпейді.

«ДСҰ-ға енгеннен кейін өтпелі кезең уақыты беріледі. Ол кем дегенде алты жыл­ды құрайды. Осы мерзімнен кейін, яғни 2018 жылы шетелдік банктер тікелей біздің елімізден филиалдарын ашуға рұқ­сат алады, міне, сол кезеңде қандай да бір өзгерістер орын алуы ықтимал», – дейді ол.

Г.Марченконың пікірінше, негізінен, отан­дық банк секторындағы бәсекелестік 2020 жылы күшейеді.

– Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша біздің қаржылық ұйымдар – зей­нетақы қорлары, сақтандыру ком­па­ниялары және банктер Ресей мен Беларусь территориясында жекелей лицензиясыз өз қыз­меттерін көрсетуге рұқсат алады. Сон­дай-ақ аталған екі мемлекеттің қаржы құрылымдары бізде де жұмыс істейді. Сол кезеңде, яғни 2020 жылы нарықта бәсе­келестік қатты жүреді, – деген Ұлттық банк төрағасы Кеден одағының бірыңғай қар­жылық бақылауы Қазақстан тер­ри­то­рия­сында орналасатындығын ескертуді де ұмыт­пады.

Форум барысында 12 қыркүйекте Банк­тік қадағалау бойынша Базель ко­ми­теті мақұлдаған «Базель–3» деген атау­дағы әлемдік банк секторын ғаламдық ре­формалау стандарттарын жекелей мемлекеттердің қабылдауы туралы мәселе де талқыдан тыс қалмады. Негізі, бұл жүйені жасап шығушылар оның әлемдік банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттырып, банктік өтемділік қорын, олар­дың сапасын жақсартуға септігін тигізеді деп үміттенеді. Дегенмен бұл ретте біздің Ұлттық банк төрағасы өзінің сыни пікірін іркіп қала алмады.

– Біздің еліміздің ерекшелігіне сай кел­ме­гендіктен, алдында «Базель–2» жүйесі жүзеге асырылмады. Ал «Базель–3» бойын­ша мәселе әлі шешілген жоқ. Өйткені ондағы екі мәселенің басы ашылмай тұр: біріншісі, құлдыраудың орын алу мүм­кін­діктері тым жоғары болуы, екіншісі, өтем­паз­дық бойынша мәселеге қатысты. Біз елі­мізде халықаралық стандарттарды ен­гізуге дайынбыз, бірақ барлық мәселе сол стандарттардың өзінде болып тұр, оның көбісі аяғына жеткізілмеген немесе толық­ты­рылмаған, – дейді ол. «Бұл – ком­мер­ция­лық сериал, яғни бухгалтерлік стан­дарт­ты сәйкестендіруді талқылау ісі 12 жыл­ға созылып барады. Бірақ одан нәтиже әлі шыққан жоқ. Біз енгізетін халықаралық стандарттардың бір кешенді жүйесі болса дейміз. Егер «Базель–3» және «Базель–4» толықтай құжатпен қамтамасыз етілсе, оны баяғыда жүзеге асырар едік. Әзірге оны енгізуге 14 ай қалса-дағы, «Базель–3» жүйесінің мәселелерімен айна­лы­су­да­мыз», – деген Г.Марченко осындай «жа­рыс­тан» шаршап кеткенін де бай­қатты.

Қалай дегенмен де бұл арада отандық банк секторының «Базель–3»-ті әлдеқайда үйлесімді жүйе деп тапқанын, оны еліміз 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгі­зе­тіндігін айта кетелік.

Ал банктік көрсеткіштерге қатысты фо­рум­да Ұлттық банк төрағасының баян­да­масы төмендегідей өрбіді:

– 2010 жылы және биылғы жылдың бірінші жартысында несие көлемі бір деңгейде болды, яғни өсім байқалған жоқ. Тек биыл мамыр айынан бастап өсу бас­тал­ды, жалпы алғанда, жылдың басынан бергі тоғыз айдың ішіндегі өсім 11 пайызды құрайды. Біз, әрине, 2005-2006 жылдарғы 60 пайыздық өсімді қайтарып алғымыз келмейді. Дегенмен жалпы ішкі өнім 7 пайызды қамтыған кездегі несиелендірудің көлемі 10-15 пайыз болуы – өте жақсы көрсеткіш.

 «Банк секторында жинақталып қалған проблемалық несие мәселесіне келсек, банк және жинақтаушы зейнетақы қор­ла­ры­мен ақылдаса отырып, Проблемалық не­сиелердің орталықтандырылған қорын ашу керек деп шештік. Ол үшін Салық ко­дек­сіне өзгеріс енгізуге тура келді. Біз осыған қатысты ұсынысымызды Пар­ла­мент­ке мамыр айында жолдаған бола­тын­быз, бірақ, өкінішке қарай, олар жазғы демалысқа дейін оны қабылдап үлгере алмады. Сондықтан ол таяу арада қабыл­да­нып қалуы керек деп үміттенеміз. Сонда 2012 жылдың қаңтарынан бастап бұл қор жұмыс істей бастайды», – дейді ол.

Сөз кезегінде Visor Capital басшысы Майкл Картер отандық банк секторында 2007 жылдағыдай активтер «көпіршігі» жоқтығына оң баға берді.

Майкл Картер, Visor Capital басшысы:

– Қазіргі қазақстандық банктердің қаржылық құрылымы 2007 жылдағы жағдайда емес. Яғни қазақстандық банк­терде активтер «көпіршігі» жоқ. Бұл – жақсы нышан. Дегенмен банк­тер­ге несие қоржынын арттыру керек, сонда проблемалық несие үлесі күрт төмен­дей­ді. Ол үшін банктер нарыққа ұсы­на­тын өнімдерін дивер­си­фи­ка­ция­лау қа­жет. Жалпы, Қазақстанда ұсақ банктер көп екен. Оларды шоғыр­лан­ды­ру керек. Алайда бұл процесті жүзеге асыратындай ірі инвесторды байқап тұрғаным жоқ. Меніңше, бұл арада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рының мүмкіндігін қарастырған дұ­рыс шығар.


Жалпы, форум соңында оған қаты­су­шы­лар отандық банк секторының дамуы қа­лыпты жағдайда деген қорытындыға кел­ді.




Көрілген: 2136    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.11.2011, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2011
    Ат қоюдың да сыры бар
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    14 Желтоқсан 2011
    «Суперфарм» – супержоба
    13 Желтоқсан 2011
    Сырткөз
    9 Желтоқсан 2011
    Тәуелсіздік туындысы
    8 Желтоқсан 2011
    Ел Елбасыға риза
    30 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    17 Қараша 2011
    Нәтижелі бағдарлама
    5 Қараша 2011
    Кеше – бүгін
    3 Қараша 2011
    Кеше – бүгін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30