Теннис

Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен ойнады. Спортшылардың екеуі де 24 жаста.

 

Бұған дейін өткен жылы Дубайда А.Бублик 6:2, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы Х.Гуркач 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

 

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Бублик 10, қарсыласы 7 эйс жасады.

 

Гуркач 8 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Бубликте ондай мүмкіндік болған жоқ.

 

Х.Гуркач төртінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингте 37-сатыдағы хорватиялық Марин Чиличтің біреуімен шеберлік байқасады.

 

Осылайша Уимблдон додасында жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.

 

Еске сала кетейік, Е.Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, Юлия Путинцева жұптық сынды жеңіспен бастады.

 

 

 




Көрілген: 680    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 23:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31