Теннис

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина Серена Уильямсті ұтты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жуырда 22-ге толатын Е.Рыбакина төртінші айналымда атақты америкалық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 8-сатыда тұрған 39 жастағы Серена Уильямспен кортқа шықты.

 

Бұл - олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер С.Уильямсті жеңіп көрмеген.

 

Матчты қарқынды бастаған қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті.

 

Бұдан кейін америкалық спортшы есепті қысқартқанымен, Е.Рыбакина қайыра брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3.

 

Екінші партияны Елена брейкпен бастағанымен, тәжірибелі қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді. Есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасап, қайта алға шықты.

Бірақ өз геймінде қателікке жол берді – 4:4.

Дегенмен есеп 5:5 болғанда, тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:5.

 

Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 7:5.

 

Бәсеке 1 сағат 18 минутқа созылды.

 

Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті.

 

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады.

 

Ол төртінші айналымда Беларусь өкілі Виктория Азаренконы 5:7, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

 

Бір қызығы, Е.Рыбакина А.Павлюченковамен бірге Франция ашық чемпионатында жұптық сында да табысты өнер көрсетуде, олар үшінші айналымға өткен болатын.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шыққанын, қазақстандық жас теннисшінің Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 23:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31