Теннис

Ролан Гарросі: Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстандық теннисші жарыстың бас аренасы – Филипп Шатрие кортында әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасты.

 

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда Д.Медведев жеңіске жеткен еді.

 

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта ресейлік спортшы сәттірек ойнай алды – 6:3, 6:3, 7:5.

 

Бәсеке барысында А.Бублик сегіз эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Д.Медведев жеті брейкке қол жеткізді.

 

Осылайша ерлер арасында Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Д.Медведев екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингте 129-сатыдағы аустралиялық Кристофер О'Коннелдің біреуімен кортқа шығады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Бүгін Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.

 

 

 

 

 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 21:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31