Теннис

Теннисші қыздарымыз Федерация кубогінің финалына шықты

  • sports.kz

    sports.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының қыздары командалық "Федерация кубогының" Азия және Мұхит жағалаулары аймағындағы үшінші кездесуінде жеңіске жетіп, финалға шықты, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Біздің теннисші қыздарымыз бүгін Тайланд теннисшілерін тізерлетті. Әуелі Қазақстан құрамасының бірінші нөмірші теннисшісі Зарина Диас Ниша Лертпитаксинчаймен кездесіп, 6:0, 6:0 есебімен жеңді.

Заринаның жеңісті жолың біздің екінші нөмірлі теннисшіміз Ярослава Шведова жалғады. Ол үш сетте Пингтарн Плипуечтен айласын асырды. Есеп: 6-7, 7-5, 6-2 

Осылайша Қазақстан құрамасының теннисші қыздары «А» тобындағы барлық кездесулерінде жеңіске жетіп, бірінші орынмен финалға шығып отыр.

Финалдық кездесуде біздің бұрымдылар «В» тобында барлық қарсыласын жеңген Жапония құрамасымен күш сынасады. Ал осы шешуші матчта жеңіске жеткен құрама Fed Cup додасының (Federation Cup, яғни Федерация кубогының) бүкіләлемдік екінші тобының (World Group II) плей-офф сатысында бақ сынау құқығына ие болады.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1309    Пікірлер: 0

жұма, 06.02.2015, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31