Теннис

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Аргентинаның Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жекелей кездесулерде есеп 2:2 болғаннан кейін матч тағдыры жұптық сында шешілді. Қазақстаннан құрама капитаны Ярослава Шведова мен Анна Данилина, Аргентинадан Надя Подороска мен Мария Лурдес Карле кортқа шықты. Капитанның өзі ойынға араласқаннан кейін оның орнына Зарина Дияс шығып, құрама мүшелеріне көмектесті.

 

Бірінші партияда қазақстандық жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте есеп 2:2 болған сәтте аргентиналықтар брейк жасап, алға шықты. Олар сетке доп бергенде, қазақстандық жұп қайыра брейк жасады – 5:5. Я.Шведова мен А.Данилина тағы бір брейкпен матчты бітірді – 7:5. Жұптық бәсеке 1 сағат 25 минутқа созылды.

 

Осылайша Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Билли Джин Кинг кубогының шешуші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл бәсекелер алдағы жылы өтеді. Жеребе тартылғаннан кейін Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталады.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 02:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31