Теннис

Төрешіні нокаутқа түсірген Джокович US Open турнирінен шеттетілді

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінен шеттетілді.

 

Джокович бұл турнирде де бірінші нөмірлі теннисші ретінде тіркелген еді. 1/8 финалда ол испаниялық теннисші Пабло Каррено-Бустамен кездесіп жатқан.

 

Бірінші сет барысында ол бір рет допты бар күшімен шығарып, төрешіден бір ескерту алған. Ал 11 сет барысында Джокович қарсыласына брейк беріп қойды. Содан соң ол тағы да допты бар күшімен артқа қарай ұрып жіберді. Ол доп төрешіге тиіп, құлап қалды. Сызық бойынша тұрған төрешіні дәрігерлер біраз емдеп, есін жидырды.

 

ВИДЕО:  publish.twitter.com/

 

Содан соң турнирдің ұйымдастырушылар Джоковичпен ұзақ сөйлесіп, соңында сербиялық теннисшіні турнирден шеттетті.

 

Енді Каррена-Бутса келесі кезеңде неміс жігіті Александр Зверевпен кездеседі.

 

Айта кетейік, теннис тарихында мұндай жағдай аргентиналық Давид Налбалдянның басынан өткен. Ол да доппен төрешіге дәл тигені үшін, турнирден шеттетілген еді.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31