Теннис

Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өте алмады

  • Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өте алмады

    Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингіде 76-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 35-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті.

Зарина биыл 27-ге толатын болса, қарсыласы одан бір жасқа кіші еді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Тунис теннисшісі брейк жасап, сосын өз геймін ала білді &ndash 6:3.

Үшінші, шешуші сетте О.Жабер брейкпен алға кетті &ndash 2:1. Тағы бір брейк &ndash 4:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді &ndash 6:1.

Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды. Осылайша Франция ашық чемпионатына жекелей сында қатысып жатқан бес қазақстандық теннисшінің төртеуі алғашқы айналымнан сәтті өтті. Тек З.Дияс қана жарыс жолынан шығып қалды. О.Жабер екінші айналымда рейтингіде 84-сатыдағы жапониялық Нао Хибиномен кортқа шығады. Жапониялық спортшы рейтингіде 119-орындағы украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:0 есебімен тізе бүктірді.




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 09:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31