28 мың теңгеге ит те бір ай өмір сүрмейді
Қарапайым халыққа қарапайым жауап бере алмайтындарды қызметінен қуу керек. Сіздер журналистерден қашатын актер емессіздер ғой. 28 мың теңге иттің бір айлық тамағына да жетпейді. Сосын орташа жалақы 163 мың теңге деген ертегіні қойыңыздаршы.
Неге қарапайым халықты жек көретіндеріңізді түсінбеймін. Не істеді олар сендерге? Керек десеңіздер алтын, мұнай, газ, ураннан да бас тарта аламыз. Тек азық түлік, жанармай, білім, медицинананы арзан қып, зейнетақыны жақсылап көтеріп беріңіздерші. Қалған байлықты тиеп-тиеп алып кетсеңіздер де бәрібір. Біз Дубайдағыдай өмір сүруді сұрап отырғанымыз жоқ. Алтынмен көмкермей-ақ қойыңыздар. Тек дұрыс жұмыспен қамтамасыз етіңіздерші.
Қазір бәрі жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Тапқанын жегенге шүкір етеді халық. Бәрі отбасын асырау үшін шетелге кеткісі келеді. Бәрінің мойнында қарыз. Адамдар өлейін деп жатса, сіздер қалай жер басып жүрсіздер түк болмағандай? Егер халықтың жағдайын шешіп бере алмасаңыздар, не үшін отырсыздар?