Алты мың теңгеге кешірім сатып алу деген не сұмдық!

Алты мың теңгеге кешірім сатып алу деген не сұмдық!

АДАМ БАСЫНА 6 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК КЕШІРІМ...
Немесе Қарағандыны қаншаға қорлауға болады?

Ақша шіркін не істетпейді. Ақша үшін бұлар не істемейді. Ақша үшін фанерщик сұмдар не сұмдыққа бармайды!
Жалған өлеңшіде, өтірік өнерпазда ар, намыс ұғымы болмайды екен. Мынадай шу, мынандай қарсылықтан кейін өзін өзі сыйлайтын өлеңші мың жерден таланты тасып, даусы құлағы мен құйрығынан қоса шығып бара жатса да келмеуі керек қой, Қарағандыға. Жоқ, бұлар келе береді, жемтікті төңіректеген шибөрі мен күшіген, тазқаралар сияқты. Жə, бұларға сөз өтпейді, сөз өтсе, Нағашыбай блогер айтпақшы, туалеттің есігін ішінен жауып алып асылып өліп қалуы керек еді ғой.
.... Не дейін мен саған Қарағандым, осымен азғаның ба, қайран елім?! Анау жылдары мұндай өлеңшілерге мұрныңды шүйіріп те қарамаушы едің. Алмасик, Қайратик деген фанерщиктердің "концертінде" бес алты наркоман, оншақты көгілдір отыратын сыланып, таранып. Тыңдауға жиіркенуші едің тексіз, затсыз өнерсымақ атаулыны! Өйткені сен Біржанды, Жаяу Мұсаны, Ақанды, Балуан Шолақ пен Иманжүсіпті, Естайды тыңдаған əннің парқы мен нарқын білетін ұлы тыңдарман жұрт едің. Сен ұлы күйшілер Тəттімбет пен Сайдалы Сары Тоқаны, Дайрабайды, Қыздарбекті, Əбдіні, Əбікен Хасеновты, Аққызды, Мағауия Хамзинді, ұлы қобызшы Ықыласты, ұлы композиторлар Əсет Найманбаев, Құлтума, Мəди Бəпиұлы, Шашубай Қошқарбаев, Сəкен Сейфуллин, ұлы əншілер Əміре Қашаубаев, Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Жүсіпбек, Елебеков, Күлəш Байсейітова, биші Шара Жиенқұлова, Манарбек Ержанов, Қайып Айнабеков, Игілік Омаров, Сыдық Мұхамеджанов, Жақсыкелді Сейілов, Қасымхан Асанов, Биғазы Тұтқабековтерді дүниеге əкелген киелі топырақ едің. Бүгінгінің дүлдүлдері Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов, Ғалым Мұхамедин, Мейірхан Адамбеков, Жақсыкелді Кемалов, Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеуханов, Курмаш Ыбышев, Айтбек Нығызбаев, Сейл Аяганов, Ержан Базарбеков, Зəуре Жəркешова, Дəуренбек Əркенов, Қарақат Əбілдина, Дулат Аханов, Сержан Мұсайыновтарды туған алтын құрсақ ел едің. Сенде ұлтық өнердің ұлы дәстүрі бар еді. Сен қазақтың ұлы əншілік дәстүрін туғызған, қалыптастырған ел едің. Алтын бесік - əн орда едің! Күміс бесік - күй орда едің?
Енді саған не болды? Ойдан қырдан əуен ұрлап, онысын фонограммамен аузын жыбырлатып айтатын өтірік өлеңшілерді алты мың теңге билет алып тыңдайтындай басыңа не күн туды?! Тыңдасаңдар, əні жаздым, аты жөндерін, концерттерін ұйымдастырып тыңдаңдар! Олар мыналардың əкесі түгілі, бабасындай өнерпаздар! Жоқ, сендер оларды ауылдағының аузы сасық деп менсінбейсіңдер! Оларды қор, фанерщиктерді зор тұтасыңдар! Өзіңді өзің тыңдасаң, жат бойынан түңілер деген. Өздеріңді сыйламайсыңдар, сосын сендерді кім сыйлайды?! Кетеді ертең Керекудегідей ауыздарыңа саңғып, сарып! Алты мың теңгеге кешірім сатып алу деген не сұмдық! Ел үшін бұдан асқан қорлық бола ма?!
Ел ағалары не істеп отырсыңдар?!

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста