Тіл - тас жарады...

Атақты дінпаз эфирден "Әйел адамдар көшеде балмұздақ жаламасын, бұл күнә!" деп еді...

  • Атақты дінпаз эфирден

    Атақты дінпаз эфирден "Әйел адамдар көшеде балмұздақ жаламасын, бұл күнә!" деп еді...

Әлі талайды естисіздер! Дінпаздық пен дінкештік ауруы тамырын жайған сайын бұдан да сорақысын еститін боласыздар....

Бізге ең жақын туысқан Түркиядан мисал келтірейін:

Атақты бір дінпаз эфирден "Әйел адамдар көшеде балмұздақ жаламасын, бұл күнә!" деп еді...

Атақты бір уағызшы "Автобуста әйел адам орнынан тұрған соң ер адам оның орнына отыра алмайды, егер отырып, сол әйелдің орындықта қалған жылуын сезінсе, бұл екеуі зинақорлық жасағанмен бірдей болады!" деп еді бір уағызында...

Атақты бір теолог профессор ТВ экранынан "Екіқабат әйелдер көшеге шықпасын, үйде отырсын! Бұл ұят, бұл арсыздық!" деп еді, қарны шардиғандық жыныстық қатынасты еске түсіреді екен молдекеңнің пікірінше...

Тағы бір атақты Ислам ғылымдары профессоры эфирден "Әйел адам лифтке бөтен еркектермен кіре алмайды, кірсе зинақорлық жасағандай болады!" деп еді...

Тағы бір керітартпа "Әйелдер базардан баклажан мен қияр сатып алмасын, бұл ұят, бұл арсыздық!" деп еді....

Осы мисалдарды мыңдап айтуға болады, бұны айтып отырғандардың бәрі де жоғары білімді, доцент, тіпті профессорлар екеніне назар аударыңыздар.

Ататүрік орнатқан зайырлы туысқан түрік елі міне соңғы 20-30 жылда осындай уағызшылардың жоғарыдағы абсурд насихаттары кесірінен адам танымастай өзгеріп кетті.

Біздің елімізде де соңғы жылдары осындай ақыл еске симайтын нәрселерді айтушылар көбейіп барады, бұл жақсылық емес. Қазақстан зайырлы, демократиялық және құықықтық мемлекет ретінде дамуын жалғастыруы керек, керітартпалық пен қаратүнек бізге ең зиянды және ең қауіпті апаттар екенін ескермесек түбі құрдымға кетеміз...

Мұртаза Жүнісұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1378    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31