Тіл - тас жарады...

Бай жылтыраған, кедей қалтыраған мына заманда идеологиямен ойнауға болмайды

  • Бай жылтыраған, кедей қалтыраған мына заманда идеологиямен ойнауға болмайды

    Бай жылтыраған, кедей қалтыраған мына заманда идеологиямен ойнауға болмайды

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚАРАҒАНДА-59


Қарағанды облысында иіні түсіп тұрған бір сала бар, ол – идеология саласы. Осы қызмет орынтағының бос тұрғанына да үш айға таяу уақыт болды. Әлгі «Свято место пусто не бывает» дегенің сыр беріп-ақ тұр...

Әлеуметтік саланы бес-алты жыл басқарған Жандос Әбішов істі болғаннан кейін, бұл қызметтен үміттілердің «үркіп» қалған жайы бар сияқты. Рас, Асхат Аймағамбетов жарты жылдай отырды да, наны пісіп министр болып кетті.

Асекең бұл қызметте құлашты кеңге жаза алмай кетті. Тура көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мәселесінің күйіп тұрған кезінде келді де, идеологиямен айналысуға мұршасы да болмады. Құлшынысы зор болғанмен, қысқа уақыт қолын байлады.

Ал басшысыз идеология дегеніңіз, асауды жүгенсіз мінгенмен бірдей. Қайда апарып жығарын бір құдайым біледі...

«Арқаның мәдениеті, денсаулық саласы, спорты, ішкі саясаты қандай күйде, қайда бағыт алған, не тындырып жатыр?», дегенге тап басып талдап жауап беретін адам бар ма екен қазір?

Тегі деймін, осының бәрін уысында ұстап, саладағы шаңды сілкіп алатын, ауқымды ойлап, алысты болжайтын бір азаматтың шықпай тұрғаны түсініксіз. Кадрдан қадір кетіп тұр ма, әлде?

Жасыратыны жоқ, дәл осы сипатқа толықтай сай келетін бір азамат бар. Облыста болғанымен, орталықтан жырақта тұрады. Мәселе ол келе ме десеңізші, оны қоя ма десеңізші...

Бай жылтыраған, кедей қалтыраған мына заманда идеологиямен ойнауға болмайды: ойының осылады. Әсіресе, қазағымның тілі, ділі, діні жер бауырлап қалған Қарағанды сынды қабағы қатулы өлкеде. Әйтеуір, идеология дегенді елге «ертегі айту» деп түсінетін біреу келмесе игі дейсің.


Қайрат Әбілда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2846    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.08.2019, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30