Тіл - тас жарады...

Білім және ғылым министрлігі мемлекекеттік мекеме саналатын мектептерді қадағалауға қауқарсыз ба?

  • Білім және ғылым министрлігі мемлекекеттік мекеме саналатын мектептерді қадағалауға қауқарсыз ба?

    Білім және ғылым министрлігі мемлекекеттік мекеме саналатын мектептерді қадағалауға қауқарсыз ба?

Мына жазып отырғаным, жаңалық емес. Осыған дейін 500,1000, 2000 теңгелік олимпиадаларды ұйымдастыратын пысықтар туралы талай айттық. Тіпті, былтыр «Bilim-orkenietу» ұлттық инновациялық-ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Үздік ғылыми жоба» рес­­публикалық байқауы жа­рияланды. «Рухани жаң­ғыруды» алдына салып, қатысу жарнасын 40 000 теңгеге жеткізген бұл байқау қандай ғылым ашуға бет алды деген едік сонда. Өздері министрліктің ішінде отырған ұйымдас­тырушылардың бұл жұмысынан министрдің өзі хабарсыз боп шыққан еді. Онсыз да дайын ғылыми жұмыс­тарды сатумен айналысатын біздің қоғамда жарыс­тардың осылай өту үлгісі таңсық емес те болар?! Бірақ оған бір тоқтам да болу керек шығар.
Мынау енді домбыраға қатысып жүрген баламның ағайының қатысайық деп отырған шығармашылық байқауы) Жеке қатысушыдан да, ансамбльдерден де талап етіп отырғандары әжептәуір қомақты қаржы екен. 4-23 жас аралығындағы үміткерлер қатысатын жарыс екі күн бойы қаладағы №73 мектепте өтеді дейді.
Қоғамдық қор ашып, өнер орталығын құрып, мектеп директорымен сыбайласып, атағын осылай дүркіретіп өткізуге тырысатын байқаулардан пайда бар ма осы? Былтыр осындай мектеп қабырғасында өткізілген ақылы олимпиадаларды көруге барғанымызда балалар да, ата-аналар да не үшін келгендерін ұмытып қалғанын көзіміз көрген. Білім және ғылым министрлігі мемлекекеттік мекеме саналатын мектептерді қадағалауға қауқарсыз ба?
Кемі он ансамбль мен жүз қатысушы келгеннің өзінде осынша қаржыны байқаудың марапатына жұмсайын деп отыр ма? Сұрақ өтеееее көппп. Онсыз да миы ашып жүрген бала мен мұғалімнің басын қатыруға көлденең көк аттылар да атсалысып жүр.

Қайтейін, қайтейін!

 

 

Гүлжан Рахман
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 3000    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29