Тіл - тас жарады...

Бір үстелде ішімдік ішушілер, екіншісінде ауызашарға жиналғандар

  • Бір үстелде ішімдік ішушілер, екіншісінде ауызашарға жиналғандар

    Бір үстелде ішімдік ішушілер, екіншісінде ауызашарға жиналғандар

Ифтар (ауызашар) бизнес туралы...


Кейінгі жылдарда халық арасында ораза тәрізді діни парыздарға көңіл аударушылар көбейіп келеді. Міне бірнеше күн болды қасиетті Рамазан айы келіп жұртшылық мәз мәйрам.

Бір-бірін дәм татуға шақыратын жандар көбейген сайын ондай қызмет беретін кафе, ресторандар саны да көбейген.

Бір қызығы осы айды өзінше бір берекет айы ретінде көрген пысықсымақтар сауаптан көп пайда жағын ойлап кететін тәрізді. Сіздің наным-сеніміңізден, оған деген құрметтен бұрын өз қалтасын ойлайтындар құлшылық айын табыс айына айналдырғандай.

Бір мысал, төмендегі Х кафенің жарнамасы инста беттерінен түспей жүр. Парақшасына кіріп көрсеңіз өткен бейсенбіде жұмыс аптасы аяқталғандығына нәмөкпен ащы сусынды бөтелкелерін 25%-дық жеңілдікпен ұсынса, ертеңіне "ифтар пакет всего за ..." деп мұсылман қауымына эмпатия сезімімен жақындапты.

Бір жағынан бұған да шүкір деуге болады. Бірақ кейінгі кездегі діни сенімге көзқарас шоу-жария мен табыс көзіне айналып бара жатқан тәрізді. Әйтпесе қалай түсінуге болады?! Бір үстелде ішімдік ішушілер, екіншісінде ауызашарға жиналғандар.


Өткенде бір блоггер бауырымыз (тамақ туралы көп жария жасайтын адам) бұдан былай мұсылман бауырларыма құрметтен тағамдар туралы тек ауызашардан кейін жариялаймын депті. Қандай керемет. Басқалардың жайын түсіну, құрмет көрсету. Бұндай жақсы мысалдар көп ақ.

Балағат жоқ. Жамандау жоқ. Жәй жеке пікір. Жаратқан ораза ұстаушылардың ниеттерін қабыл қылсын! Бизнесмендерімізге берекет берсін!




Kazbek Elubaev

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30