Тіл - тас жарады...

Бұл қазақты мазақ ету ғой...

  • Бұл қазақты мазақ ету ғой...

    Бұл қазақты мазақ ету ғой...

Қазір телесериал көруге еш уақытымыз жоқ. Сондықтан, телеарналар қандай сериалдар көрсетіп жатқандығынан бейхабармыз. Ауылдан хабарласқан жездем бірнеше отандық сериал көргенін айта келіп, қазақта сценарист жоқ па, әлгі Қазақстан жазушылар одағының 800 мүшесі қайда жүр? - деп сұрады.

- Жаманат жоқ бәрі аман-есен.

- Бар болса, неге мына телеарналар Ресейдің және Украйнаның авторларына сценарий жаздырады?

- Несі бар, бізден гөрі тәуір жазады дейтін шығар...

- Өй қайдағы... Ойнап жүрген артистер ғана қазақ. Ал, оқиға қойыртпақ. Тіпті қазақы ұғымға мүлде жат. Келіні атасын "Пәленше Түгеншеұлы" деп шақырады. Тіпті, бір сериалда атасы мен келіні төсектес болып қалғанын ұялмай-қызармай көрсетті. Ойнап жүрген әртістерде ми жоқ. "Мұндай сорақылық қазақта жоқ" деп неге айтпайды екен? Тағы бірінде әлі үйленбеген жас жігіт пен қалыңдығы екеуі бірге жатып, бірге тұрып жүр. Арасында екеуі керілдесіп қалады да, жігіті қалыңдығына "мен сенімен үйленбеймін" қиғылық салады. Әлі "босаға аттамаған" қалыңдық жатып кеп жылайды. Қай қазақ қызы тұрмысқа шықпай жатып, ата-енесінің үйіне барып некесі қиылмаған жігітпен төсектес болушы еді? Ал, ата мен келіннің ашына болғанын кім көрген? Бұл қазақты мазақ ету ғой.

- Әй, оңбаған иттер-ай! - дегеннен басқа сөз аузыма түспей қатты састым, бетті бастым...


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3369    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31