Бұл өзі қазақ жері ме, жоқ ағылшын колониясы ма?

03 тамыз 2023, 11:06

Қазақ жері school "сасып" кетті.

 

Ашылып жатқан жекеменшік мектептердің бәрі бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай атауын ағылшынша қояды. Farabi school, Tulga school, тағы бірдеңе скул.

 

Бұл өзі қазақ жері ме, жоқ ағылшын не америкалықтардың ерікті колониясы ма?

 

Мектеп деген сөздің несі жаман? Әлде олай деп ашса ата-аналар баласын бермей қоя ма?

 

Айтыңыздаршы, сіздер атауына ағылшын араласпаса, балаңызды ол мектепке сеніп тапсыра алмас па едіңіз?

 

Осы мәселені қолға алу керек! Біріздендіру керек. Жекеменшік мектеп ғимаратын салдым екен деп, қазақтың тілін менсінбей қалған ол қандай қожайын болды екен? Талап қою керек!

 

Ал, кім не дейді?

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz