Тіл - тас жарады...

Бұлар да түн қатып Алматыны "халық үшін" талқандап жүр екен...

  • Бұлар да түн қатып Алматыны

    Бұлар да түн қатып Алматыны "халық үшін" талқандап жүр екен...

Үш күн бұрын Айнабұлаққа бұрылатын тұстағы "Роялда" бензин құйып жатыр екен. Адам көп. Қыстырылып мен де ентеледім. Көлігімді қойып, ішке кіріп барғанда байқадым, топырлаған жігіт, түстері суық. Жалаң-жұлаң етеді. Бензин бітіп барады деп жәутеңдеген администратор келіншектің көзінен үрей байқадым. Кассирлер қашып кетті, мен тек налға құя аламын деп ақ футболкалы жас бала шыр-пыр. Менің алдымда тұрған тапал жігіт: Давай, давай, біз халық үшін жортып жүрміз! Мә, бес мыңға құй, - деді зекіп. Мырс ете түсіп едім, жалт қарады, көзіміз түйісті, жақтырмағанымды білді. Сдачасын алып: Иоххоу!!! Бензин бар, нах... Бүгін түнде тағы жортамыз! - деп қиқулап кетті. Кезекте тұрғандардың біразы құптай шу етті. Көздерінен сана сәулесін көрмедім. Жанармай құйып шыққанда әлгілердің де екі-үш көлігі жолға түсті. Бірінде шетелдік нөмір, екіншісінде мүлдем жоқ. Менің алдымды бір қиып өтті, сес көрсеткені болар дедім. Одан кейін қаптаған көлікті елеңдетіп, орталарында ойнақ салып жүріп берді дейсің. Ұзап барады. Бұлар да түн қатып Алматыны "халық үшін" талқандап жүр екен. Осы сөзді отыз жылда ең көп айтқандардың бірі - Мәсімов мемлекетті сатып жібере жаздапты. Ұран жақсы, оның астарындағы ұрлық пен опасыздық жаман! Мына бұлғақ бітсе ұрандамайтын, сөзі аз, ісі көп кезеңге өтетінімізге сенемін. Сауатты экономика, салиқалы саясат, еркін көзқарас аса маңызды... Халық үшін!

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.01.2022, 11:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Ақпан 2021
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31